ТҮРКІСТАН: 154 ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

ТҮРКІСТАН: 154 ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР
Түркістан облысы Түлкібас ауданының шаруалары биыл жыл бойына егістікке екі рет көкөніс түрлерін отырғызды. Ондағы мақсат – мол өнім жиып алу. Былтыр осы жаңашыл әдісті тәжірибе ретінде сынап көрген біршама шаруалар табыспен шыққан болатын. Биыл қызығушылық танытқан диқаншылар қатары артқан.
Бүгінгі таңда бір жерден екі өнім алатын 154 шаруашылықтың тізімі жасалынды. Жалпы көлемі 265,33 га жерге қызанақ, қияр, жүгері, ноқат, сарымсақ, картоп көкөністерін отырғызып мол өнім алуды көздеуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының болжамына сәйкес, 1-ші өнім 1721,3 тонна, ал 2-ші өнім көлемін 4358,0 тоннаға жуықтайтынын айтып өтті.
Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің тиісті дербес бөлімдері мен кент, ауылдық округ мамандары тарапынан өз кәсібін ашуға қызығушылық білдірген тұрғындарға жан-жақты қолдаулар күшейтілген. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында да жүйелі шаралар іске асуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *