27 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 43 ЖОБА МЕН АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
27 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 43 ЖОБА МЕН АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
«Туған жер» арнайы патриоттық бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен жалпы құны 27 млн. теңгені құрайтын 43 жобалар мен қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, 6 аз қамтылған отбасыға өз кәсіптерін ашу үшін демеушілер көмегімен 1 млн. 700 мың теңгеге қажетті құрал жабдықтар әперіліп, нәтижесінде 4 тігін цехы, 1 автокөлік жуу орны, 1 балаларға арнаулы қызмет көрсету орындары ашылды.
«Туған жер» патриоттық бағдарламасының «Өлке тану» бағыты бойынша аудан аумағында 17 сенбілік ұйымдастырылып, 5000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігі мен «Шымкент қаласының Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Таза қала» акциясына байланысты аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 38 көпқабатты тұрғын үй, «Үлгілі көше» номинациясына жеке тұрғын үйлер орналасқан 35 көше қатысқан.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында аудан аумағындағы 36 білім мекемелерінде «Абай бұрышы» орнатылды.
2019 жылы 7-мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай соғыс жылдарында елге қайта оралмаған қорғасын зауытының 114 қызметкерінің аттары жазылған ескерткіш демеушілер есебінен Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектебінің аумағына көшіріліп, қайта жаңғыртылды.
Абай атындағы орталық кітапханада мемлекеттік тілге аударылған оқулықтарды таныстыру презентациялары мен қазақ халқы тарихының атаулы және ұмытылмас күндеріне арналған «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.