Есірткі арнасының жолы кесілді
Аймақтық есірткі арнасының жолын кесу турал
Атап айтқанда, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді «гашиш» есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды.
2019 жылы 09 қазанда аталған тұлғаның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 кг гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды.
2020 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б.Исмайлов ҚР ҚК 297 т. 3б. бойынша кінәлі деп танылды және қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі