ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында өткен жылы 752 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға хабарламалар тіркелген. Оның ішінде 445 нысан бюджет қаражаты есебінен, 307 нысан жеке кәсіпкерлік қаражаты есебінен салынуда. Басқарма өңірдегі құрылыстардың сапасына бақылау жасайды. Әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласындағы барлық жаңа ғимараттардың құрылыс нормаларына сай болуы қатаң бақылауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.

Жалпы басқарма тарапынан 5 мемлекеттік кызмет көрсетіледі. Бұл қызметтер 2019 жылдың басынан бері 100% электронды түрде көрсетілуде. Өткен жылы құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 665-өтініш қабылданған.


«Облыстағы заң талаптарын сақтамай салынған 69 бюджеттік және 144 жеке кәсіпкерлік, барлығы – 213 құрылыс нысандарына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар негізінде шаралар көріліп, хаттамалар толтырылды. Басқармамен салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы соммасы – 62 149 861,5 теңге, өндірілгені – 54 850 000теңге», — деді Мұхит Сексенбайұлы.


Қазіргі таңда басқарма тарапынан Түркістан қаласында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 170 бюджеттік нысан құрылыстары қадағалануда, оның ішінде: көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы – 85; әлеуметтік нысандар құрылысы – 56; инженерлік коммуникация жүйелері құрылысы – 29.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *