ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты кеден бекеттерінде әлемдік деңгейде коронавирусқа байланысты төтенше жағдайдың жаңа деңгейінің жариялануына орай, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

2020 жылдың 31 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлер қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етілді, мемлекеттік шекара өткізу бекеттерінде санитарлық бақылау күшейтілді.
Сонымен қатар, стационарлық жылу түсіргіштер үздіксіз жұмыс істейді, қосымша құрылғылар да таратылады.

 


Мемлекеттік шекарадан өткен адамдар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында қызметкерлермен сұхбат ұдайы жүргізілуде.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *