ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 7 БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 7 БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде де қарқынды жүзеге асуда. Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков бастаған жергілікті атқарушы орган өкілдері мен ардагерлер қауымы ауылдық округтегі көмекке мұқтаж 9 отбасының үйіне барды. Онда отбасына қажетті заттарды апарып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп шықты.

 

Сондай-ақ, облыс басшысының бастамасымен аудандағы жомарт жандар қолдап, аз қамтылған отбасыларға демеушілік танытып отыр. Соның бірі – «Тау самалы» демалыс аймағының басшылығы 7 балалы отбасыға қамқорлық көрсетіп, өз қаражаты есебінен үй салып беруде. Тозығы жеткен ескі баспанада тұрып жатқан көпбалалы отбасы алдағы жазда жаңа қоныс тойын тойлайды. Гүлмира Әшірова «Қамқорлық» жобасының аясында үйлі болғаны үшін айтар алғысы зор.

 

«7 баламен құлағалы тұрған кепеде тұрып жатқан біз үшін бұл күтпеген сый болды. Қуанышты хабарды естіген балаларымның шаттығында шек болған жоқ. Бұдан асқан бақыт бар ма?! Облыс әкімінің тапсырмасымен жаңа жобаның бүкіл аудан, ауылдарда жүріп жатқанын көріп те, естіп те отыр едік. Баспанаға зәру біз сияқты жандарға жасалған бұл қамқорлықты ешқашан ұмытпаймыз», – дейді көпбалалы ана.

Айта кетейік, аудандық кәсіпкерлік палатасы тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көмекке мұқтаж азаматтардың қатарында еңбекке жарамды отбасы мүшелерін оқытып, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалып,  жұмыспен қамту жағы да қарастырылып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *