ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев Қақпақ, Қызылқия ауылдық округтеріндегі халықпен кездесіп, 2019 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап есеп берді. Аудан басшысының кезекті есеп беру жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов арнайы қатысты.
Т.Тұртайұлының айтуынша, аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 130 млд. 782,1 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 121,6 пайызға артық орындалған. Ал, тартылған инвестиция көлемі 19 млд 851,1 млн. теңгені құраған.
«Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриялдық аймақта 7 млрд. 300 млн. теңгелік 5 жоба жұмыс істеуде. Онда 193 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауданда жұмыс істеп тұрған 19 өнеркәсіп орындары 7 млрд. 840,3 млн. теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 105,2 % құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 412,4 млн. теңгеге артық өнім шығарылған», – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, аудан әкімі аталған ауылдарда атқарылып жатқан және алдағы уақытта іске асырылатын жоспарларымен де бөлісті. Қақпақ ауылында мал бордақылау шаруашылығы кеңінен дамып келеді. Осы бағытты кешенді түрде жүзеге асырып отырған мекеменің бірі «Қарқын 2030» ЖШС. Аталған кәсіпорын «Нарлен» маркалы ет өнімдерін өндірумен де айналысады. Заманауи технологиямен жұмыс істейтін цехта шұжықтың 52 түрі өндіріледі. 180 тұрғылықты азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылған. Серіктестік тәулігіне 10 тонна өнім өндіреді. 2019 жылы 22 тонна шұжық өнімдері алыс жақын шетелдерге экспорттаған. Қазіргі таңда серіктестіктің ауқымын кеңейту мақсатында 3 мың бас мал басына арналған мал бордақылау алаңын салуды қолға алған.
Ал, Қызылқия ауылдық округіндегі «Даян» шаруа қожалығы лимон өндірумен айналысып келеді. 2019 жылы өнім көлемін 25 тоннаға жеткізіп, Ресей еліне экспорттауды бастады.
Өз кезегінде сөз сөйлеген ҚР перезиденті Әкімшілігінің мемлекттік инспекторы Серік Қожаниязов өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстарға өзінің оң бағасын берді. Жиын соңында аудан басшысына ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі