2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі Қазақстанның АӨК дамытуға 477 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттады
2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі Қазақстанның АӨК дамытуға 477 млрд. теңгеден астам қаражат бағыттады
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің қаржы институттары арқылы еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемдері жыл сайын артуда. 2019 жылдың өзінде «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін 477 млрд. астам теңгеге қаржыландырды, соның ішінде ауыл шаруашлығын несиелеуге және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне 448 млрд. астам теңге және бидай сатып алуға 29 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды /2018 жылы қаржыландыру көлемі 400 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 385 млрд.теңге несие мен лизингке, 15 млрд. теңге бидай сатып алуға бағытталды/.
«ҚазАгро» Холдингінің несиелік портфелі 886 млрд. теңге көрсеткішіне жетіп, қарыз алушылар саны 77 мыңға дейін өсті. 97 пайыздан астам үлесі шағын және орта бизнес өкілдері болып табылады. Ұлттық холдингтің қаржылық қолдауының арқасында өткен жылы 37 мың ауыл тұрғандары жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орындарына ие болды, — бұл туралы «ҚазАгро» Холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы жалпы құны 84 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба қаржыландырылды, соның ішінде 21 млрд. теңге сомасына 24 жоба іске қосылды, 770 жұмыс орындары құрылды. 2020 жылы 56 млрд. теңге сомасына 31 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып, оның есесіне 3 мың жұмыс орындары құрылатыны туралы атап өткен жөн. Қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
«ҚазАгро» Холдингі өз қызметін реформалау мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларын жүзеге асыруда. Холдинг корпоративтік басқару сапасын арттыру мақсатында еншілес компаниялар санын қысқарту шеңберінде «ҚазАгроКепіл» АҚ-н «Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на қосу, «ҚазАгроӨнім» АҚ-н «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қосу және «Қазагромаркетинг» АҚ тарату жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 2020 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ өз қызметін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында жалғастыратыны туралы шешім қабылданды. Осылайша Холдингтің құрылымында 3 арнайы қаржыландырушы компаниялар қалатын болады:
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ — АӨК субъектілерін несиелендіру, несие серіктестерін, микроқаржы ұйымдарын, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларды қорландырумен айналысады.
- «Ауыл шаурашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – шағын бизнесті микроқаржыландыру, қарыздарды кепілдендіру, АӨК сақтандыру жүйесіне қатысу.
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының лизингі.
Еске салайық, өткен жылы «ҚазАгро» Холдингі сыртқы валюталық борыштарын толығымен өтеп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша пайдаға шығу мақсатында трансформация бағдарламасын қабылдаған болатын.