Мақтаарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысындағы жаңадан құрылған Мақтаарал аудана әкім болып Бахыт Нәсірханұлы Асанов тағайындалды.Жансейіт Түймебаев Мақтааралдың әкімін таныстыру кезінде, мақталы өлкеде алдағы уақытта атқарылар істің көптігіне тоқталып, шекаралық аудандағы бірқатар мәселелер бұдан былай тезірек шешімін табатынына сенім білдірді.

әкім

«Жаңадан Мақтаарал ауданының құрылғанына ел риза. Енді елге қызмет көрсету, әлеуметтік мәселелерді шешу жеңілдейді. Тұрғындар құжат реттеу үшін алысқа шабылмайды. Тағы айта кетерлік жай, сіздер жаңадан құрылған Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының тұрғынысыздар. Бұл да үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Елбасы Түркістан облысына баса мән беріп отыр. Түркістан Түркі әлемінің көшбасшысына айналуы үшін сіздер де үлес қосуларыңыз керек. Көрші елмен шектесетін ауданға үлкен сенім әрі жауапкершілік жүктеледі. Жаңа әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп, ел сенімін ақтайды деген ойдамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», — деді Ж.Түймебаев.

Б.Н.Асанов 1962 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1984 жылы ЖМК «Жетісай ауыл құрылыс» трестінің нормалаушысы ретінде бастаған.

1986-2011 жылдары Ленин атындағы кеңшардың газдандыру жөніндегі жұмыстарды техникалық қадағалаушысы, Ленин атындағы кеңшардың құрылыс бөлімінің шебері, «Көксу» кеңшарының аға прорабы, «Жібек жолы» сауда базасы директорының орынбасары, Республикалық жастар кәсіпкерлігін қолдау қоры директорының орынбасары, Алматы қалалық жастар кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі қордың Фрунзе аудандық филиалы директоры, Шымкент қалалық әкімшілігінің техникалық инспекциясының инспекторы, Шымкент қалалық әкімшілігінің техникалық инспекциясы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы Жылы су селолық округінің әкімі,Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

2011 жылдың шілде айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етіп келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *