ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 2020 жылдың алғашқы жеке қабылдауын өткізді.
Кездесуге келген  қала тұрғындары әкімге үй, жер және әлеуметтік қолдау мәселелері мен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету бойынша өтініштерін жеткізді. Қала басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заң аясында шешу жолдарын тұрғындарға түсіндірді. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың мәселелері назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында қала әкімі тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *