ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер туған жерге тағзым деп жаңа жыл қарсаңында екі жанұяға баспана сыйлады.

Көптен аңсаған армандары орындалып, баспаналы болғандар — ішінде көпбалалы отбасы мен мемлекеттік қызметкер. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қуаныш иелерін аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы құттықтады. Қоныстой иелеріне шаңырақтың шаттығын тілеп, үй жиһаздарын сыйға тартты.

Жаңа тұрғын үй «Қазығұрт» шағын ауданынан бой көтерген. Төрт бөлмелі баспана су, табиғи газбен қамтамасыз етілген. Өз алдына 15 соттық жері бар.


Айта кетерлігі, ауданның жомарт жандарының бірі Сырым Ертаев өз қаржысына салып, тұрғындардың үйлі-жайлы болып жатқанына себепкер болып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *