Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Алан Санчесті нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Финиксте Talking Stick Resort аренасында (Аризона, АҚШ) өтті. Бокс кешінің басты оқиғасы екінші орта санаттағы әлемнің экс-чемпиондары — америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің кездесуі болды. Елеусінов — Санчес жекпе-жегі он раундқа есептелген. Алайда қазақстандық алғашқы раундтарда қарсыласының қабағын жарып, салдарынан төртінші үшминуттықта дәрігерлер америкалық боксшыны қарауға тура келді. Нәтижесінде, бесінші раундта тағы бір тексерістен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.

Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутпен жеңді -

28 жастағы Елеусіновтің бұл он жекпе-жектегі тоғызыншы жеңісі, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған. 2019 жылы қазақстандық осымен төртінші рет шаршы алаңға шықты. Оның барлығы АҚШ-та өткен.  Ал Елеусіновтен 15 күнге ғана үлкен Санчес карьерасында бесінші рет жеңіліс тапты. Оның қоржынында 20 жеңіс (10 нокаутпен аяқтаған) және бір тең ойын бар. 2016 жылы америкалық боксшы WBC Continental Americas аймақтық титулын алған.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/allsports/daniyar-eleusnov-amerikalyik-boksshyinyi-nokautpen-jend-303558/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *