ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКҰЛЫ САЙРАМҒА ӘКІМ БОЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданында болып, ауданға жаңа әкім тағайындады. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Сайрам ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Ұласбек Сәдібековтың кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Депутаттармен кездесуден кейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы аудан активімен жүздесті.

Сайрам ауданының активін жаңа басшымен таныстыруға барған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев Ұласбек Сәдібекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы 1967 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, «Қайнар» университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Алғашқы еңбек жолын 1983 жылы бұрынғы Алғабас ауданы, қазіргі Бәйдібек ауданында бастаған. Ақмола облысында Жастар комитетінде ең еткен ол 2002 жылға дейін мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтті. Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында әкім болып қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің көмекшісі болды.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» Партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы Төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Ұласбек Сәдібекұлы «Құрмет», «Парасат» Ордендерімен марапатталған. Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының «Құрметті азаматы».

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *