Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы

ЖЕЭК отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басты мәселелері талқыланды.

Басқосуда ұйым жұмысының аралық қорытындылары жасалып, тараптар алдағы жылдардағы интеграциялық қарым-қатынастың перспективалары туралы пікір алмасты.

Жиында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ұйымның құрылуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

— Мен осы қауымдастықты құруға бастамашы болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасына ризашылығымды білдіргім келеді. ЕАЭО жақсы жұмыс атқарып келеді. Біз Сізді Санкт-Петербургте жаңа мәртебеде қарсы алғанымызға қуаныштымыз, — деді Ресей Президенті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулердің қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.

https://elbasy.kz/kk/news/2019-12/nursultan-nazarbaev-zhogary-euraziyalyk-ekonomikalyk-kenestin-otyrysyna-katysty

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *