ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай қаламыздың ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген қарттарды марапаттады.

Қаламыздың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен екенін айтқан қала басшысы егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты  Н.Бекназаров, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаламыздың 300-ге жуық ардагерлері мерекелік дастархан басында Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінде ұрпағымыз бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарын айтты.  Егемендік алу жолындағы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың еңбегінің орасан екенін тілге тиек етті.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *