РИНАТ ҚҰРМЕТТІ АЛДЫ

Ринат Кертаев «Құрмет» орденінің иегері атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Хабар» агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ринат Думанұлы Кертаев «Құрмет» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жоғарғы мемлекеттік награданы иесіне ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев салтанатты түрде табыс етті.

Картинки по запросу ФОТО РИНАТ КЕРТАЕВ

Телевизия саласында 20 жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп жүрген әріптесіміз Ринат Думанұлы көрерменнің көңілінен шыққан көптеген ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның авторы. Сондай-ақ әр аптаның айшықты оқиғаларын баяндайтын «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі. Бүгін сондай-ақ «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің директоры Асқар Қуанышұлы Омаровқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде өткен шарада ақпарат саласының бірқатар қызметкері Үкімет басшысының және министрдің алғыс хаттарын алды.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары: — Мен өзім журналистика факультетінің бірінші курсына келіп түсіп, журналистикамен кәсіби түрде айналысып келе жатқаныма 20 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығындағы бірінші жоғары мемлекеттік наградам екен. Мен ойлаймын, бұл тек маған ғана емес, сол журналистика факультетінде тәрбиелеп білім берген ұстаздарымның еңбегіне, «Хабар» агенттігінің барлық ұжымына берілген баға, үлкен сенім. Осындай еңбегімізді елеп, ескерген Мемлекет басшысына, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жетекшілеріне, ұжымына алғыс білдіргем келеді.Тәуелсіздік жылдарында еліміздің ақпарат саласы үлкен дәрежеге көтеріліп, биік белестерді бағындырып жатыр. Тек елдің ішінде емес, халықаралық деңгейде де көптеген жетістіктерге жету үстінде. Бұнің өзі осы ақпарат саласында саясаттың терең деңгейде жүргізіліп, ұлттық мүдде тұрғысынан заманға сай атқарылып жатқаны деп білеміз. Еліміздің ең ұлық мерекесі, ең басты мерекесі – Тәуелсіздік мерекесі қарсаңыда осындай марапатқа ие болу мен үшін мақтаныш және жауапкершілік деп санаймын.

Асқар Омаров, «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің директоры: — Еліміздің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен Қазақстан азаматтарын құттықтаймын. Бұл негізінен біз үшін ең үлкен мереке. Марапат туралы айтсам, бұл марапат енді маған емес, бүкіл ұжымға берілген марапат. Халықаралық ақпарат агенттігі  «Қазақпарат» үлкен жұмыс атқарып жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің көмегімен бүкіл әлемге ақпарат таратып жатыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/360798-rinat-kertaev-rmet-ordenini-iegeri-atandy

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *