7 миллионға жуық ауыл тұрғынының өмір сапасы жақсарады – Мамин
7 миллионға жуық ауыл тұрғынының өмір сапасы жақсарады – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы жеті жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға назар аударамыз. Соның арқасында 7 млн-ға жуық ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы жақсарады. Бұл ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.
Оның айтуынша, адамдардың табысы мен тұрмыс сапасын өсіру үшін урбанизацияның маңызы өте зор.
ҚР тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында және жақында өткен Nur Otan партиясының филиалдарымен кеңейтілген кеңесте 2050 жылға қарай қала тұрғындарының үлесін 70 процентке дейін жеткізу міндетін белгілеп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Жолдауында елді урбанизациялау маңыздылығын атап өтті және көші-қон процестерін басқару бойынша пәрмен, шаралар қабылдауды тапсырды. Соңғы бес жылда Қазақстанның ірі қалалары халқының саны 15% артты. Қазіргі уақытта Қазақстандағы қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрап отыр. Біз урбанизация процесін нақты басқарылатындай болуына ұмтыламыз, сондықтан қалаларды дамытудың тиісті саясатын одан әрі жүргізу қажет, — деді ол.
Сонымен қатар, ол басты міндет ауылдағы халықтың тұрмыс сапасын арттыру, қаладағыдай инфрақұрылым құру екенін де айтып өтті.
Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша алдағы жеті жылда «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға назар аударамыз. Соның арқасында 7 млн-ға жуық ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы жақсарады. Бұл ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды, — деді Үкімет басшысы.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, ҚР-ның 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары Қуатты аймақтар және урбанизацияның бес реформасына сәйкес келеді.
Экономикалық өсу нүктелерін анықтау және қолдау қарастырылған. Ол үшін барлық мемлекеттік бағдарламалар мен аймақтық даму бағдарламалары үндесіп, оларды дамытуға бағытталады. Іс-шараларды жүзеге асыру мақсатты транферлер мен бюджеттік несиелерді бөлу тетіктері арқылы жүзеге асырылды. Барлық шараларға қалалар мен ауылдардың өнімділігін қамтамасыз етеді. «Ауыл – ел бесігі» ірі қалалардың шет аймақтарын дамыту, аймақтық стандарттың жаңа жүйесі және бағдарламада қарастырылған басқа шаралар негізінен біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отыр, — деді ол.
https://baq.kz/news/othernews/7-million-a-zhuy-auyl-t-r-ynyny-mir-sapasy-zha-sarady-mamin/