Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
ЕЭК Кеңесінде ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, халықаралық ынтымақтастық, кедендік және техникалық реттеу, ЕАЭО сандық күн тәртібі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар мәселелері қаралды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО ішкі нарығындағы алып тастауларды, шектеулер мен кедергілерді жою бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды.
ЕЭК кеңесі жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттар мен тәртіпте еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға, сақтауға және іске асыруға бағытталған ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімнің жобасын мақұлдады.
ЕЭО индустрияландыру картасын қалыптастыру мәселесін пысықтау туралы ұсыныс мақұлданды, ол бір-бірінің өзара жоспарларын көруге және оларды уақытылы түзетуге және ЕЭО шеңберінде өндірістік тізбектерді қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді.
https://primeminister.kz/kz/news/alihan-smailov-prinyal-uchastie-v-zasedanii-soveta-evraziyskoy-ekonomicheskoy-komissii88