МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН БЕРУ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ТОҚТАТЫЛАДЫ!

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН БЕРУ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ТОҚТАТЫЛАДЫ!

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидаттарының бірі – мемлекеттік қызметтер процесін үнемі жетілдіру болып табылады.
Осылайша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы (ПИ-29923) ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы 23 қыркүйекете мақұлданғандығын хабарлайды.
Осы себепті, жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынады. Аталған өзгерістердің қолданысқа енгізілуінен кейін жергілікті атқарушы органдарда және оған бағынысты мекемелерде (білім, денсаулық, әлеуметтік, қаржы және т.б. салалар) – қандай да жағдай болмасын Қазақстан Республикасының азаматтарынан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын талап етілуін тоқтатады.
Өз кезегінде, Департамент жоғарыда көрсетілген талапты қатаң бақылауда ұстайтынын және Егерде Сізден, алдағы уақытта мемлекеттік органдар қандайда бір себеппен мекенжай анықтамасын сұрататын жағдайлар орын алса Департаменттің 51-51-51 нөміріне хабарласуыңызға болатынын хабарлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *