БАЛАБАҚШАДА БӘРІ БАР
Шындығында Қызылкөл аулындағы «Қайрат» балабақшасын ерекше мекен деуге әбден болады. Тіпті, ол балабақшадан гөрі шаруашылыққа көп ұқсайтындай. Бұл жерде өспейтін дақыл жоқ, піспейтін жеміс жоқ. Өйткені, балабақша меңгерушісі Нұржамал Төлеуова тәрбие мен еңбекті қатар ұштастыруды мақсат тұтқан. Алдымен мұнда бау екті. Кейін картоп екті. Тонналап өнім жинады. Ал биыл жылыжай ашты. Тіпті, одан алғашқы өнім де алынып, енді қыс айында пісетін көшеттер отырғызылды.
Нұржамал Төлеуова «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі
«Ақпан айында еккеен өнімдіжинап алдық. Енді қыркүйектің соңында ектік мына көшеттерді. Бұйыртса енді қараша , желтоқсан айында піседі бұл өнімдер. Бәз осыла балғындарды қысы – жазы көкөніспен қамтамасыз етпекпіз..)
Ендігі жерде жылыжай да жаңалық болмай қалатын түрі бар. Өйткені, Нұржамал апай мұнда қаз асыруды қолға алған. «Оңтүстік» телеарнасы таратқан осы бір жағымды жаңалықтан кейін мұнда арнайы ауыл шаруашылық семинары да болып өткен. Қазір көктемдегі сол сарыауыз балапандар бүгінде қаңқылдаған қазға айналған.
Мұхтар Атабек – тілші ( Қаз асырау – оңай шаруа емес. Әйтсе де балабақша ұжымы батыл қадамға барып отыр. Мұндағы мақсат балаларды таза табиғи өнімммен қамтасамыс ету.
Нұржамал Төлеуова «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі
Биыл тәжірибе ретінде бастадық… Өнімділігі жоғары болса, алдағы уақытта да бұл шаруаны жалғастыра бермекпіз.
Бала бақша ауласында жайқалып бау да өсіп тұр. Мұнда алманың жаздық және күздік сорттары егілген. Піскен кезде одан да қап- қап өнім алынады.
Мұхтар Атабек — тілші
Өз жемісін өзідері өсіретін балабақша кеше ғана ауданда болып өткен «Алтын күз» мерекесіне артық өнімдерін алып шыққан. Жәрмеңкеге жиылған жұрт балағындар мекенінде өскен өніммен танысып, тәтті алмадан дәм татты.
Қорыта айтқанда, бүкіл табиғаи өнім балабақшаның тек өздерінен ғана шығып жатыр. Шындығында ұқсата білсеңіз, еңбектене білсеңіз- бұл тірліктен ұтарыңыз көп. Тек, бұдан үлгі ала білу керек.
М. АТАБЕК