АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ӨЗГЕРДІ
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ӨЗГЕРДІ
Келер жылдан бастап көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлемуеттік көмек түрі жеңілдетілді. Енді бұрынғыдай отбасының материалдық жағдайы мен табыс көлемі есепке алынбайды. Көмек тек бала санына қарай тағайындалады. Оған қоса аналар сансыз кұжат жинап әуре сарсаңға түспейді.
Атаулы әлеуметтік көмектің әлегі азаяр емес. Өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны 7 есеге артқан. Алайда, олардың арасынан 5940 отбасының оған мұқтаж еместігі анықталған. Жасыратыны жоқ, әл-ауқаты жақсы болса да, мемлекеттен көмек алғысы келетін масылдар саны артып барады, дейді мамандар.
Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
1 млрд 530 млн теңге көлемінде тағайындалған төлемдер толықтай тоқтатылды. Яғни, ол азаматтар өз табыстарын жасырған. Оның ішінде мысалы, кәсіппен айналысып жүрген азаматтар, табысы 1 млн теңгеден 10 млн теңгеге жететін азаматтар да бар.
Шымкентте Атаулы әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің тең жартысы көпбалалы отбасылар. Сондықтан олар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Төлем отбасының табысына тәуелді болмайды . Мөлшері орта есеппен әр балаға 10-11 мың теңгені құрайды.
Ербол Садыр – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Мұндағы айырмашылық – бұрын табысы асып кеткен көпбалалы аналар АӘК алмайтын болса, қазіргі мына жобада олар бала санына байланыстыешқандай кіріс табысының көлеміне қарамай, олардың барлығы кепілдендірілген АӘК алатын болады.
Ал, Атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесі бұрынғысынша жалғасады. Бірақ, енді 21 мыңның жартысы ғана беріледі. Есесіне, «Еңбек» бағдарламасы арқылы кәсіп бастаймын десеңіз, шағын несие соммасы бойынша шектеулер алынып тасталған. Мерзімі 7 жылға дейін ұзартылып, үстемақы жарнасы төмендетілген .Сонымен қатар, мемлекет кәмелет жасқа толмаған балаларға да бар мүмкіндікті қарастырады. Ол үшін арнайы пакет ендірілген. Онда балаларға ыстық тамақ, гигиеналық заттар мен мектепке қажетті құралдар және киім-кешек кіреді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру да қарастырылған.
Перизат Ортай