жас ұландар ант берді
Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ант қабылдады. Шараға қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері мен әскери сала ардагерлері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Бұл топ мектепке жаңа оқу жылында келген. Еркелігін ерлікпен ұштастыруды көздейтіндердің дені – өзге өңір тумалары. Бүгінгі салтанатта 200 шәкірт ант беріп, уәдесіне берік, сертіне серік болуға бекінді. Әскери өмір жолын таңдаған ұландардың бұл — алғашқы баспалдағы. Қазақ армиясының болашақ офицерлеріне қойылатын талап та жоғары. Жас командирлердің жан-жақты дамыған, білімнің әртүрлі саласында зияткер, бойында көшбасшылық қасиеттері болуы тиіс.
Кәдірбек Бәйдібек – С. Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі оқу бөлімінің бастығы
Болашақта Отанды қорғауға жан-тәнімен барын салатын ұландардың қазір әскери ант қабылдау рәсіміне куә болып отырсыздар…
Жастар бұдан былай тактикалық, физикалық және сап түзеу дайындықтарынан өтеді. Шәкірттерге оқу бағдарламасынан бөлек, қосымша жаңа факультативтік сабақтар өтеді. Яғни, әр ұланның қызығушылығы бойынша үйірмелер енгізілген.
Г. Қалмырзақызы