Шымкентте 7 сотталғанға қолданылған жазаның күші жойылды
Шымкентте 7 сотталғанға қолданылған жазаның күші жойылды
Прокуратура жүргізген талдаудың нәтжесі Шымкент қаласындағы түзету мекемелерінің әкімшілігі 7 сотталғанға заңсыз жаза қолданғанын анықтады.
Талдау барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – 2 сотталғанға, ИЧ-167/4 мекемесінде — 1 сотталғанға, ИЧ-167/10 мекемесінде — 1 сотталғанға, ИЧ-167/11 мекемесінде – 3 сотталғанға қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылдануына байланысты прокурорлық қадағалау актілері негізінде күштерін жойған.
Сонымен қатар ИЧ-167/2 мекемесінің әкімшілігі 2 сотталған азаматқа негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялаған.
Қала прокуратурасының прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде мекеме әкімшілігінің аталған шешімдерінің де күштері жойылған.
Заңдылықты бұзушылықты жою туралы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ұсыну енгізілген.
Қала прокуратурасының үкімдердің орындалу заңдылығын қадағалау басқармасы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарға қолданылған жазалау және көтермелеу шараларының заңдылығын үнемі зерделеп отырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы