ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Еуропалық қайта құру және Даму банкінің мүмкіндіктері мол. Бүгінде мегаполиске шетелдік инвесторларды тартуға негізгі басымдық беріліп отыр. Бірінші кезекте қаладағы тозығы жеткен жылу, су жүйелерін жаңғыртуымыз қажет. Сонымен қатар, қаладағы тек орталық көшелерге ғана емес ішкі көшелерді де электр энергиясын үнемдейтін жарықшамдарды пайдалана отырып жарықтандыруды қолға алуымыз керек»,-деді Е.Айтаханов.

Өз кезегінде Бруно Балванера Шымкент қаласында банк қаржыландырып жатқан негізгі жобаларға тоқталып, өңірдің экономикалық әлеуетін көтеруге дайын екендіктерін жеткізіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *