«Қасқырдан да қауіпті»: ШҚО тұрғындары аюлардан шошып отыр (видео)

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары аюлар шабуылынан қорқып жүр. Риддерде құрылыс алаңында бейқам жүрген қисық аяқтыларды куәгерлер видеоға түсіріп алған деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадрлар

Аңшылықтанушылардың айтуынша, биыл жидектердің аз болуына байланысты жыртқыштар орманды тастап, елді мекендерге тамақ іздеп келіп жатқанын айтады.

Жабайы жануарлар адамдардан қорықпайды.

Дегенмен мамандар тұрғындарды жыртқыштардан қорғануға шақырады. Себебі қисық аяқтылардан қасқырларға қарағанда қауіп көп екен. Өйткені, олар үй малын өлтіріп, омарталарды бұзады екен.

Василий Ткаченко есімді маманның сөзінше, адамдар аюдан Тарбағатай мен басқа өңірлердегі малдардың өлгенін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *