Қызметкерлерін «рогаткамен» атқан полиция бастығы жұмыстан қуылды

Қызметкерлерін «рогаткамен» атқан полиция бастығы жұмыстан қуылды

Қызметкерлерін рогаткамен атқан полиция бастығы жұмыстан қуылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2025
Бөлімше басшысының ерсі әрекеті әлеуметтік желіде тараған болатын
 Абай облысы Шар қаласында қол астындағы қызметкерлерді «рогаткамен» қуған полиция басшысы жұмыстан қуылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде полиция ғимаратының камераларына түсіп қалған видео тараған болатын. Онда бөлімше басшысы Дәурен Алжапаров қол астындағы қызметкерлеріне «рогаткадан» шағын темір шарлармен атқан. Ал полицейлер қашып жүр.
Абай облыстық полициясы осы оқиға бойынша тексерісті аяқтады. Оған сәйкес, Жарма ауданының Шар қалалық полиция бөлімшесінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *