Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алуға арналған 136 миллион теңге жоғалған
Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алуға арналған 136 миллион теңге жоғалған

фото ютуб әлеуметтік желісісінен алынды
ҚМА Шымкент бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
«Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген», — делінген хабарламада.

