«Сенбейміз»: Шымкентте туған әпкесінің үйінен өлі табылған бойжеткен жайлы тың дерек шықты
«Сенбейміз»: Шымкентте туған әпкесінің үйінен өлі табылған бойжеткен жайлы тың дерек шықты
Шымкентте жоғалған 18 жастағы бойжеткеннің денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент қыздың туған жездесі ілініп отыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап хабарлады.
«ҚР ҚК 99-бабы, «кісі өлтіру» бабымен тіркеліп, барлық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті изоляторға қамалды» , — дейді Шымкент ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батырбек Мырзагелдиев.
Түркістаннан Шымкентке келіп оқып жатқан Аида Әбілдә туған әпкесінің үйінде тұрыпты. 4 тамызда үйінен шығып қайта оралмаған соң, ертесіне іздеу жарияланған. Үш күннен кейін туыстары оның мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен тапқан. Полицияның мәліметінше, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені төсек жаймасына орап тастаған. 18 жастағы балдызын азаптап өлтірді деген күдікке ілінген 20 жастағы жездесі туралы көршілері жақсы пікірде.
«Мен Азаматты бала күнінен білемін. Ол адам өлтірмек түгілі, мысыққа зияны жоқ адам. Былтыр ғана үйленген, Төртбес айлық баласы бар, үнемі жұмыста болатын. Оның омыртқасы ауыратын, яғни ауыр көтермейтін. Ол қалайша адам өлтіреді? Ал балдызы былтырдан бері үйінде жүрді. Бір ұрысқанын естімегенбіз. Біз Азаматтың азғындыққа барды дегеніне сенбейміз» , — дейді күдіктінің көршісі Наталья Япаева.