Тәліптердің тағы бір тыйымы жұртты шошытты
Тәліптердің тағы бір тыйымы жұртты шошытты
«Талибан» экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) мыңдаған доллар тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратураларды өртеді. Олардың пікірінше, музыка моральдық азғындауға әкеледі.
Гитара, халықтық перкуссиялық аспаптар, күшейткіштер мен колонкаларды Герат провинциясындағы тәліптердің діни полициясы өткен демалыс күндері өртеп жіберді,деп хабарлады bugin.kz
Мұның көп бөлігі той өтетін орындардан тәркіленді.
Ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігінің аймақтық филиалының басшысы шейх Азиз Рахман Мухаджирдің айтуынша, музыка «жастарды жалған бағытқа бағыттайды және қоғамның жойылуына әкеледі» деген түсінікке ие.
2021 жылы тәліптер ел билігіне оралғаннан кейін олар көп нәрсеге тыйым салды – соның ішінде көпшілік алдында музыка орындауға да тыйым бар.
Ауғанстан ұлттық музыкалық институтының негізін салушы Ахмад Сармаст «мәдени геноцид және музыкалық вандализм» деп атайды. Би-би-сиге берген сұхбатында ол ауған халқын шығармашылық еркіндіктен айырып жатқанын атап өтті.
Тәліптер үшін музыкамен күрес – әдеттегі іс: 1990 жылдардың ортасынан 2001 жылға дейін елді билеп тұрған шағында олар қоғамдық шараларда, радио және телеарналарда кез келген музыканы орындауға тыйым салған.
Ал, әйелдерден тек көзі көрінетіндей киінуді талап етіп отыр. Үйінен 72 шақырым қашықтыққа шыққан әйелдердің жанында туыс ер адам болуы міндетті.
Қыздарға және әйелдерге мектепке немесе университетке, спортзалға немесе саябаққа баруға тыйым салынды.
Осы жылдың шілде айының басында Талибан үкіметі жанындағы ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігі елдегі барлық шаштараздар мен сұлулық салондарын бір ай мерзімге жабу туралы бұйрық шығарды, бұл әйелдер құқығына тағы бір соққы болды.