Шымкентте ағасының денесіне бетон құйып жасырған адам ұсталды

Шымкентте ағасының денесіне бетон құйып жасырған адам ұсталды

Марқұмды сырттағы дәретханаға лақтырып, шұңқырын бетонмен толтырып, үстіне қора тұрғызған

Фото: ашық дереккөз

Шымкентте жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар адам ұсталды. Қаланың Еңбекші ауданының полициясы осыдан 2 жыл бұрын болған қылмысты ашты,деп хабарлады halyq-uni.kz

Айта кетсек, 2021 жылы Еңбекші ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын 32 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтып хабарласқан. Оның айтуынша, ер адам екі апта бұрын үйден шығып, қайтып оралмаған. Оның сыртқы келбетін сипаттайтын бағдарлар қалалық полиция басқармасының барлық бөлімшелеріне, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарындағы полиция бөлімдеріне жолданды.

Екі жыл бойы іздестіру жұмыстары нәтижесіз болғанмен, биыл жыл басында жедел қызметкерлер ізін тапты, – делінген Еңбекші ауданы полициясының материалында.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған адамның отбасындағы кикілжің кезінде туысының басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды.

Бұған өгей ағасының мас болып, анасымен жанжалдасқаны себеп болған. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем марқұмның денесін сырттағы дәретханаға лақтырып, тесікті бетонмен толтырып, үстіне шағын қора тұрғызған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *