Астанада жанжал шығарған Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Астанада жанжал шығарған Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Белгілі болғандай, белгілі боксшыға Астана қаласы, Есіл аудандық полиция бөлімі 22 шілдеден бастап іздеу салып жатыр.
Еске салсақ, 2023 жылғы 18 маусымда елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде екі ер адам бала үшін сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Төбелесте бала ұстаған ер адамды соққыға жыққан белгілі боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.
Оқиға 18 маусымда болса да, дүйім жұртқа шілдеде белгілі болды. Аталған жайтқа қатысты Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев пікір білдіріп, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Кейіннен Шүменовтің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында істің мән-жайын баяндап берді. Бейбіт Шүменовке қатысты сыннан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінген.
Бұдан бөлек зардап шеккен адам қырғызстандық болғандықтан, аталған іске қырғыз тарапы да араласқан болатын.