Қайын атасының атынан кредит алған келін ұсталды
Шымкентте келін қайын атасының атынан екі рет несие рәсімдеп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, Абай ауданының тұрғыны полицияға өз атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызданды.
Полицейлер бұл жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол арыз жазған адамның келіні болып шықты. Келін өзінің заңсыз әрекеті туралы қайын атасының біліп қойғанын байқап, Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен.
Полиция келінді қалаға жеткізді. Айлакер келін қайын атасының телефоны арқылы 750 мың теңгеге тауар алу үшін 2 несие рәсімдеген. Қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.