АРЫС: ҮЙІ БҰЗЫЛҒАНДАР ДАЛАДА ҚАЛМАЙДЫ
Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар уақытша қоныстанатын 800 орын дайындалды. Мұнда жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналасады. Бұл орталықта қоныстанушылар 3 мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылмақ. Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал жарылыстан зақым келген үйлер толық жөнделген соң тұрғындар өз шаңырақтарына оралады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі