Польшада жаппай мысық тұмауы таралып жатыр

Польшада жаппай мысық тұмауы таралып жатыр

Польшада жаппай мысық тұмауы таралып жатыр

Польшада жаппай мысық тұмауы таралып жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.
«Новости ООН» агенттігінің мәліметіне сәйкес, елде 30-ға жуық мысық А типті вирусына шалдыққан. Бақытқа орай, індет жануарлардан адамдарға жұқпаған. Мамандар вирустың құс тұмауына ұқсас екендігін айтуда.

Польша билігі ДДСҰ-ға елде мысықтардың қырылып жатқанын мәлімдеді.

Төртаяқтылардың A(H5N1) вирусымен ауырғаны туралы бұған дейін де белгілі болған. Алайда бұл ел аумағында жаппай таралудың алғашқы жағдайы болып отыр.

14 мысыққа эвтаназия қолданылған. 11 мысық ауру асқынып, өліп қалған.

ББҰ ДДСҰ-мен бірігіп сақтық шараларын қолдануға кірісті.

2022 жылдан бастап үш құрлықтағы ондаған мемлекетте сүтқоректілер арасында A(H5N1) вирусының таралғаны анықталды. Бұл вирусқа Испания фермаларындағы қаракүзендер, АҚШ-тағы итбалықтар мен Перу мен Чилидегі теңіз арыстандары ауырған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *