ТЖМ жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды
ТЖМ жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталдыФото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі дерегін анықтау аясында Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.
«Жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді.
Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінді.
Пара сомасы 100 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.
Бұдан басқа, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқорлық жасаған.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп, соталды тергеу жалғасып жатыр.