Кенесары ханға сыйлаған Құран елге жеткізіледі — Тоқаев

Кенесары ханға сыйлаған Құран елге жеткізіледі — Тоқаев

Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға

Кенесары ханға сыйлаған Құран елге жеткізіледі - Тоқаев

Akorda.kz

Кенесары ханға сыйлаған Құран елге жеткізіледі. Бұл туралы Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Qaz365.kz.

«Жиынның соңында елдің рухын көтеретін тағы бір жақсы жаңалықты сіздермен бөліскім келеді. Әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылды. Бұл – еліміздің рухани өміріндегі елеулі оқиға. Марал ишан барша қазаққа танымал адам болған. Ол – төл тарихымызда ерекше орны бар Кенесары ханның үзеңгілес серігі. Бұл Құран екі ғасыр бойы қолдан қолға өтіп, ақыры шетелге шығарылған екен»,- дейді Тоқаев.

Ол құранды жанашыр азаматтардың, меценаттардың көмегімен Қазақстанға қайтарып алдық деп отыр. Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасаған көрінеді.

«Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды. Кез келген өркениетті ел өзінің тарихи мұраларына зор құрметпен қарайды. Оны қастерлеп, мұражайға немесе басқа да арнайы орындарға қояды», — деді Президент.

Ол бабалардан мирас болған әрбір жәдігерді қадірлеп, сақтай білуіміз керек екенін айтты.

«Біз де бабалардан мирас болған әрбір жәдігерді қадірлеп, сақтай білуіміз керек. Осы Құранды жақында Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына табыс етеміз. Өйткені, бұл – бүкіл елге ортақ қазына. Құнды мұраның барша халқымыз үшін қастерлі орында тұрғаны абзал. Сондықтан, Құранды қалпына келтіріп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қойған жөн деп санаймын»,- деді Мемлекет басшысы.

Ол кезінде Тайқазанның елге оралуын жұрт жақсы ырымға балаған еді. Көп ұзамай Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болды деп айтты.

«Ұлт азаттығы үшін күрескен Кенесарының қолында болған Құран кітабының елге келуі де жақсы ырым деп ойлаймын. Бұл оқиға Қазақстанның жаңа дәуірінің берекелі бастауы болсын деп тілейік»,— деді Президент.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *