ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр.
Возможно, это изображение детская игрушка, стол и текст
Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2 050 орынды 9 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы нәтижесінде 2024 жылы қолданысқа берілетін 28 мектептің ішіндегі 19 мектеп бойынша құрылыс компаниялары анықталған. Қыркүйек айына дейін 17 мектептің жұмыстары аяқталады. Ал, қалған 2 мектептің қаржысы келесі жылға өтпелі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_____

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *