Абай облысында тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды

Абай облысында тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды

Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан болатын

Абай облысында тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды

Абай облысында Жаратқаннан жаңбыр сұрап, тасаттық беріліп, қаза тапқандарға құран бағышталды, деп хабарлады Qaz365.kz.

Қазіргі уақытта жедел штабтың деректері бойынша өрттің жалпы көлемі 60 000 га құрайды, оның 43 000 гектарында жану ошақтары байқалады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 2023 жылғы 13 маусымда күндіз Абай облысының солтүстік-батысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

«Солтүстік жел, солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, батыста, облыс орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+15°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, күндіз +27+32°С», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан болатын. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бүгін өрт сөндіруге кеткен тағы бір адамның жоғалғаны белгілі болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *