«Қазақ болғаным үшін Өзбекстан жарыстарға қатыстырмады». Абиба Қазақстанға не үшін қоныс аударғанын айтты
«Қазақ болғаным үшін Өзбекстан жарыстарға қатыстырмады». Абиба Қазақстанға не үшін қоныс аударғанын айтты
Фото: sports.kz
Дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін күміс жүлдегері Абиба Абужақынова Қазақстанға не үшін қоныс аударғанын айтты. Ол Хабар арнасының «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында Өзбектандағы жарысы туралы ағынан жарылды.
Спортшының айтуынша, ол қанша рет чемпион болса да додалы жарыстарға қазақ болғаны үшін шығармаған.
«Мен ол жақта 13,14,16 жастағы жастар арасындағы чемпионаттарды ұттым. Бірақ мені шығарған жоқ, себебі қазақ болдым. Ақшалай жарыстарға алып шыққан жоқ. «Өзің төлеу керексің» деп айтты. Мен отбасында жалғыз қыз емеспін, екі әпкем, бір інім бар. Әпкем ағылшынға қатысады, екінші әпкем мед колледжде оқитын еді. Оның да химия сияқты қосымша сабақтары болды. Мен спорт саласын таңдадым, маған басында қатты көңіл бөлген жоқ. Жарыстарға сол үшін барған жоқпын. Өзбекстан Республикасы, Өзбекстан чемпионаты қазақ қызы болғаным үшін ақша берген жоқ, чемпион болсам да алып шыққан жоқ», — деді спортшы.
Ол осы жағдайдан соң отбасы Қазақстанға қоныс аударуға шешім қабылдағанын айтты.
«Содан соң мамам: «Қазақстанға қоныс аударамыз, Қазақстан атынан шығасың» деп айтты. Мамамның шешімі бойынша қоныс аудардық. «Сен дзюдоны қатты жақсы көрсең, сен үшін барамыз» деді. Сөйтіп, 2013 жылы Шымкентке келдік», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатындағы қысым туралы айтқан болатын.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz