«Анам әркімнен қашып жүріп нан сататын». Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты
«Анам әркімнен қашып жүріп нан сататын». Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты
Фото: tashkenbay_sanzhar
Бокстан әлем чемпионы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай ата-анасының жұмысы туралы айтты, — деп хабарлады Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы спортшы NTK Entertainment бағдарламасына берген сұхбатта айтқан.
«Әрине, анамның базарда қаттама нан сатқаны рас. Біз Астанаға келгенде саудадан бастадық. Анам қаттама нан сатып бастады, базарда полициядан, әркімнен қашып жүріп сататын. Қазір енді Аллаға шүкір. Бәрін өзім қолға алдым, әке-шешем де демалып жатыр, жұмыс істемейді, мен істеймін. Ал әкем бұрын таксист болып істеді. Қазір демалады», — деді Санжар Тәшкенбай.
Айта кетейік, 19 жастағы Санжар Тәшкенбай — Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.
Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. 48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.
Жақында спортшы Санжар Тәшкенбай әкесіне жаңа көлік сыйлап, бала күнгі арманын орындаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz