39 құқық қорғаушысы азаптау істері бойынша жауапкершілікке тартылмақ
39 құқық қорғаушысы азаптау істері бойынша жауапкершілікке тартылмақ
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Қазақстанда 39 қауіпсіздік қызметкері азаптау фактілері бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады,деп жазды bugin.kz
«Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының 39 қызметкері 88 азаматқа қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», — делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Сондай-ақ полиция ғимараттары мен ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) нысандарында жұмыс істемейтін 900 бейнебақылау камерасы табылғаны белгілі болды.