ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУДЕ ЕЛІМІЗДІҢ КӨК ТУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУДЕ ЕЛІМІЗДІҢ КӨК ТУЫ ЖЕЛБІРЕДІ
4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні — ел тарихындағы айрықша маңызды мейрам! Елжандығымыз бен отансүйгіштігіміздің өлшемін айқындайтын осынау мерекеде
Шымкентте бірқатар іс-шаралар жалғасуда. 23 мың жанкүйердің Әнұранды бірге шырқауымен басталған мейрам көк Туды желбіреткен авто және велошеруге ұласты.
Тәуелсіздік саябағындағы Рәміздер алаңында Әнұран шырқалып, теңдігімізді айқындайтын Туымыз асқақтап, елдігіміздің белгісі — рәміздерімізге құрмет көрсетілді. Іс-шараға әскерилер, күштік құрылым басшылығы, депутаттар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары белсене қатысып, қастерлі бойтұмарымызға айналған рәміздеріміздің мерейін үстем етті.
Патриоттық әндер мен әскери оркестрдің орындаулары патриоттық сезім сыйлап, рухымызды асқақтатты. Мәні мен маңызы бөлек мерекеде ардагерлер бірігіп, елжандылыққа шақырған әндерді әуелетті.
Патриоттық іс-шара аясында Ордабасы алаңынан Бәйдібек би ескерткішіне дейін Мемлекеттік туды желбіреткен 50 авто мен 80 велошеру көшелермен жүріп өтіп, мерекені айшықтай түсті. Бұл көріністер өскелең ұрпақтың ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, айрықша әсер сыйлады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *