Қазақстанда пәтер бағасы арзандауда
Қазақстанда пәтер бағасы арзандауда
krisha.kz, мәліметінше, өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 0,4 %-ға арзан.
Бағаның максималды төмендеуі:
- Астанада – 1,3 %;
- Өскеменде – 1,2 %;
- Атырауда – 1 %;
- Алматыда – 0,9 %
Өсім Шымкент, Тараз (+0,2 %), Семей (+0,4 %), Ақтауда (+0,5 %) тіркелді.
Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдегі ең жоғары орташа баға:
- Алматыда – 706 мың теңге;
- Астана — 475 мың теңгеге жуық;
- Шымкент – 433 мың теңге.
Ең төмен баға – Қызылордада (236 мың теңге), Ақтөбеде (293 мың теңге), Таразда (шамамен 306 мың теңге).
Жыл басынан бері (2023 жылғы мамыр, 2022 жылғы желтоқсан) қайталама нарықтағы пәтер айтарлықтай қымбаттамаған: +0.4 %. Ең жоғары өсім – Ақтауда: +4,2%, ал ең жоғары төмендеу – Көкшетауда: -3.3%.
Жалпы 5 айда 12 қалада: Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй шамамен 2%-ға қымбаттады, ал 5 қалада, оның ішінде Астанада: 1,7%-ға арзандады.
Жылдық динамикада (2023 жылғы мамыр, 2022 жылғы мамыр) қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 3,8%-ға қымбаттады.
Ең үлкен өсім – Ақтауда: +13.4 %. Ең үлкен төмендеу – Талдықорғанда: -5.2 %.