ДІН ӨКІЛДЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ
Бүгін 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық Ішкі Саясат Бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы дін саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасу жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың арасында
“Дәстүрлі ислам және ұлттық таным” тақырыбындағы спорттық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
Дін өкілдері спорттың футбол, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күресі, ләңгі тебу және шахматтан сынға түсті.
Нәтижесінде:
Бірінші орын – Ордабасы тобы (Аудандағы білім беру мекемелеріндегі дінтану негіздері пәнінің мұғалімдерінен құралған)
Екінші орын – Аңсар тобы (Мешіт имамдарынан жасақталған)
Үшінші орын – “Мухажир” тобына бұйырды.
Тартысты өткен спорттық сайыста жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.