ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙМЕК

Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зиянкестен шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейтуді жүктеген болатын. Осы орайда бүгін Түркістан облысы бойынша аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша Сарапхана ауыл округінде семинар – кеңес болып өтті. Семинар кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек, аудан әкімдерімен сала мамандары қатысты.

 

Алдымен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған техникалармен танысудан басталды.
«Республикалық деңгейде фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамалар жасалды.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *