РУХЫМЫЗДЫ КӨТЕРГЕН ЖОЛДАУ БОЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауының мәні де, маңызы да бұрынғы Жолдаулардан ерекше болды.
Ел Президенті әуелі 30 жылда жеткен жетістіктерімізге оң бағасын беріп, бүгінгі таңда қоғамда қордаланған, өзекті мәселелерді де ашық айтты. Сонымен бірге ол мәселелердің шешімін табуға бағытталған нақты бастамаларын қадап-қадап атап көрсетті.
Мемлекет басшысы басқару жүйесіндегі кеншім тұстарды айта келіп, олардың халыққа тиімділігін арттыру үшін жаңа бастамаларға көшу керектігін айтты. Алдағы уақытта ел басқару ісіндегі жүйенің басты өзгерістеріне тоқталды. «Саяси жүйеміз жаңа жағдайларға бейімделуге тиіс» деген Қ.Тоқаев Президент өкілеттігі туралы ұстанымын айтты. Сонымен қатар Сенат, Парламент және Қазақстан халқы Асссамблеясы жайлы мәселелерді дөп басты. Сайлау жүйесіне айтарлықтай өзгеріс енетін болды. Мұның барлығы да қолдауға тұрарлық, елдің көкейінде жүрген мәселелер.
Әсіресе, облыс өңірлерінің тарихи маңыздылығын ескере отырып, әкімшілік аумақтарға өзгерістер енгізу туралы ұсынысы көңілімізді толқытты. Шығыстан Абай облысын, Оңтүстіктен Жетісу, Орталықтан Ұлытау облыстарын құру туралы шешімі – рухымызды көтерген шешім болды.
Қоғам қайраткері, қазақ тарихындағы аса көрнекті тұлға Дінмұхаммед Қонаевтың есімін Қапшағай қаласына беру туралы бастама көтеріп, халық қолдаса шешім қабылдауға дайын екенін айтты. Көп ұзамай Қазақстан картасында Қонаев қаласы пайда болатыны сөзсіз.
Жолдауды толықтай саралап, бағамдаған адам «Жаңа Қазақстанның» жарқын, баянды болашаққа бағыт алған бейнесін көретіні анық.
Болашағымыз баянды болып, бастамалар нәтижелі түрде іске аса береріне сенім мол!
Сәбит Лаханов
Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы.