ЖОЛДАУ — болашаққа адастырмай жетелейтін бағдар
Бүгінде айбары асқақтаған Ата заңы, көкжиекте желбіреген байрағы, жүзінде күлкі үйірілген бүлдіршіні, жарқын болашаққа адастырмай жетелейтін көшбасшысы бар кемел елге айналдық.
Тарих үшін қас қағым сәт, аз уақыт ішінде сәулеттік құрылысы жағынан әлемдік қалалармен теңестін Жаңа Түркістан салынуына, сонымен қатар әр жыл сайын көркейіп, жаңарған жеріміздің келбетіне куә болдық. Кедергісіз өркендеп, кібіртіксіз өмір сүруді қамтамасыз ету үшін ең алдымен мемлекеттің ұстанатын саясаты дұрыс болуы қажет.
1997 жылдың 10 қазаны күні тұңғыш Президент Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауын жариялады. Осы сәттен бастап, жыл сайынғы дәстүрдей қазақ елі бұл құжатты асыға күтеді.
Сәт сайын қарыштап дамып жатқан әлемдік өркениетке ілесу үшін бағыт-бағдар беріп, халықтың тұрмысын жақсартатын игі шаралардың негізі болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы ЖОЛДАУЫНДА жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН құруға бірге атсалысайық!
Жақашев Қанат Үсенұлы
Қазақстан журналистер одағының мүшесі,
Қазақстан Республикасы «Жемқорлықпен күрес»-«Борьба с коррупцией» газетінің Түркістан қаласы бойынша өкілдігінің директоры