ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ саяжайында 32 мың тұрғын қоныстанған. Аумағы 7200 гектарды құрайтын елді мекенде 7144 жеке тұрғын үй және 42 тұрғын үй кооперативі бар.

🏤Ондағы балалар №83 жалпы орта мектепте білім алса, бірқатар бала Қайнарбұлақ тұрғын алапта орналасқан екі мектепке барады. Мектепке дейінгі білім беретін 4 балабақша бар. Бұдан бөлек халыққа №54 учаскелік полиция пункті, №10 мемлекеттік емхана қызмет етеді.

💡Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған.

🚰Тұрғындарға ауыз су толық берілген.

🔥Қайнарбұлақ саяжайы табиғи газбен қамтылмаған. Өткен жылы 48,9 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Қорытындысы алынған соң 2022-2023 жылдары газ құбырын тарту жұмыстары атқарылатын болады. Нәтижесінде қамту дәрежесі 100% болады.

🛣️Мұндағы 222 көшенің 16-ы асфальтталған болса, 206-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки көшелері асфальтталса, 20 шақырым шағал тас көшеге қайта тас төселетін болады.

💡Өткен жылы Степная көшесінде жарықтандыру бағаналары орнатылса, биыл аталған көшеге жарық қосылады. Сонымен бірге, Центральная көшесі жарықтандырылады.

📡2021 жылы Kcell компаниясының базалық станциясы орнатылды.

🥅Былтырғы жылы №83 мектеп маңына демеушілер есебінен 1 спорт алаңшасы, жергілікті бюджет есебінен 1 спорт алаңшасы бой көтерді.

🚌Аталған елді мекенге №№ 70, 2, 149 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімінің «Қайнарбұлақ» тұрғындарымен кездесу нәтижесінде №70 бағытқа 2 автобус, ал №2 маршруткіге 1 автобус қосылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *