Арыс біз біргеміз!
Шымкенттік полицейлер біркүндік жалақыларын Арыс тұрғындарына аударады.
ҚР ІІМ-нің басшысы полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек қолын созу бастамасына Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бірауыздан қолдап, көмектесетін болды. Тәртіп сақшылары біркүндік жалақыларын аударып, зардап шеккендерге қолдау көрсетеді.
Арыс, біз біргеміз!