ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында 2021 жылы аудандық бюджет есебінен 807,2 млн. теңгеге 96,8 шақырымды құрайтын 36 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңабазар елді мекеніндегі 10 көшеге, Қаржан елді мекеніндегі 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары атқарылған.
Биыл 69,5 шақырымды құрайтын 22 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сонымен бірге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жігерген елді мекенінен 6 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 154 млн. теңге қаралған.
Облыстық бюджеттен елді мекендегі көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, Құларық, Шарбұлақ, Жігерген елді мекендеріндегі көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Өндіріс елді мекеніндегі Тастақсай көпірінің күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *